Аягөздегі арнайы әлеуметтік көмек орталығында кадрлық өзгерістер болды

1026
көрілім
Аягөздегі арнайы әлеуметтік көмек орталығында жүргізген тексерудің нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
 
Мекемеде кадрлық өзгерістер болды. Орталықта директор мен медициналық бөлімше меңгерушісі қызметінен босатылды. Директор қызметіне 20 жылдық тәжірибесі бар, бұрын облыстың бас педиатры қызметін атқарған педиатр дәрігер Шолпан Мақашева тағайындалды.
 
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы орталықпен жұмыс бөлімінің бастығы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, Аягөз ауруханасының бас педиатрына қатаң сөгіс жарияланды. Орталық құрамында госпиталь эпидемиологы штаты ашылды.