Аягөздегі төрт баланың өлімі: Әлеуметтік орталықтарға тексеру жүргізілмек

806
көрілім

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 113 медициналық-әлеуметтік мекемеге жіті тексеру жүргізу жайлы бастама көтерді. Жоспардан тыс тексеруге Аягөздегі арнайы әлеуметтік көмек орталығында төрт тәрбиеленушінің көз жұмуы себеп болып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, бірінші кезекте тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтатын арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына, сондай-ақ психоневрологиялық аурулары бар балаларға арналған орталықтарға тексеру жүргізілмек. Тексеру медициналық-әлеуметтік қызметтерді көрсетуге қойылатын барлық талаптардың сақталуына және сол мекемелердегі балалардың тұрмыстық жағдайына байланысты болады.

Бүгінде Қазақстанда мүгедек балаларға арналған 20 мемлекеттік оңалту орталығы жұмыс істейді, онда 1,8 мыңнан астам бала тұрып жатыр.

Барлық 113 медициналық-әлеуметтік мекемеде кешенді тексеру жүргізілмек. оның ішінде:

178 адам қамтылған 4 тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы;

168 адамды қамтитын психологиялық патологиясы бар балаларға арналған 16 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы;

8 364 адам тұрып жатқан қарттар мен мүгедектерге арналған 45 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы;

14 160 адамға арналған 48 психоневрологиялық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бар.

Жалпы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында 24 мыңнан астам адам тұруда. Аталмыш мекемелер жергілікті атқарушы органдардың қарамағында.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Аягөздегі әлеуметтік көмек орталығында 4 баланың қайтыс болғандығы жайлы хабарланған.