Аягөздік білікті бапкер 51 жаста

10735
көрілім
Фотосурет kfb.kz сайтынан

Бүгін еліміздің жастар құрамасының бас бапкері, Аягөз өңірінің тумасы Қайрат Сатжановтың туған күні, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Еліміздің бапкерлер құрамы мен спортсүйер қауым Қайрат Тұрсынханұлына жаттықтырушылар құрамының алды болып, жойқын жұдырық иелерін баптай беруіне тілектестіктерін білдіруде. Жастар құрамасының тізгінін берік ұстаған жерлесіміз қаңтар айының 29-ы күні 51 жасқа толды.

– Қайрат Тұрсынханұлы, болашақ Олимпиада чемпиондарын даялап, шын мықтыларды іріктеуде ел құрамасына сүбелі үлес қосып келесіз. Өзіңіздің күш салуыңызбен жастарымыздың жарқын жеңістері жалғаса түссін. Дарынды шәкірт тәрбиелеп, толағай табыстарға жете беріңіз, – делінген хабарламада.