Аягөздік кәсіпкер жерлестеріне EXPO 2017 көрмесінің 418 билетін алып берді

906
көрілім

Аягөз ауданындағы «Арғанат» ЖШС директоры, белгілі кәсіпкер Амангелді Мұстафин EXPO 2017 көрмесін көріп қайту үшін жерлестеріне 1 600 000 теңгеге билет алып берді. Аталған қаржыға алынған 418 билет зейнеткерлерге таратылып берілді.
– Жанашыр жақындарым мен жерлестеріме, көмек күткен халыққа мүмкіндігінше қолдау білдіру – азаматтық парызым деп ойлаймын. Қолыңда барда қайырлы іс жасау үлкен сауапқа бастайды. Бергендерімді бердім деп айтпай-ақ қояйын. Шын ықыласпен жәрдемдескім келеді, – дейді кәсіпкер Амангелді Мұстафин.
Қырық мыңға жуық қана халқы бар шағын қаладан шығып, 1600 000 теңгеге жерлестеріне базарлық жасаған Амангелді Шакенұлының бастамасы көпке үлгі, зор өнеге деп білеміз.

Ермек Тұрсынұлы