Аяз қысады

522
көрілім

Қазақстанда күн райы бұзылып, ауа температурасы 35 градусқа дейін аяздатуы мүмкін, деп хабарлайды газет тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Синоптиктер 20-22 желтоқсан күндері елімізде ауа температурасы салқындайды деп болжауда.

- Салқын Арктикалық ауа қозғалысы салдарынан жақын тәуліктерде еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде қар жауып, боран соғып, күшті жел тұрады. Ал Скандинавия аумағында қалыптасқан антициклон аталмыш жауын-шашынды басып, артын аязға айналдырады. Еліміздің таулы аймақтарында қар жауып, көктайғақ орнайды, -деп хабарлайды "Қазгидромет" мамандары.

Мекеме мамандарының айтуынша, ауа температурасы еліміз бойынша климаттық нормадан төмен болып, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін көрінеді.

Ерлен ОСМАНОВ