Семей қаласы және облысымыздың екі ауданында бірінші ауысымда оқитын оқушылар сабаққа бармайды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Білім бөлімінің хабарлауынша, қараша айының 20-сы күні Семей қаласының бірінші ауысымдағы 1-4 сынып балаларына сабақ тоқтатылды. Бүгін Бесқарағай ауданында 1-11 сыныптарда, Бородулиха ауданында 1-9 сынып оқушыларынасабақ болмайды. Соңғы аталған ауданда ауа температурасы минус 27 градусқа дейін төмендеді.