2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 6 пайызға өсіп 2405 теңгеге жетті, деп хабарлайды buqara.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш ақпарат ҚР «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңында көрсетілген.
АЕК жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, сонымен қатар айыппұл санкцияларын, салық және ел заңнамаларына сәйкес басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылады.
2017 жылы біздің елде АЕК 2269 теңгені құраған болатын.
Фотосурет nv.kz сайтынан алынды