Аймақтағы аудан басшылары

985
көрілім
Фотосурет ernur.kz сайтынан

Сайт тілшісі Президент қол қойған Жарлық, яғни Абай облысының құрылуы, Ақсуат пен Самар аудандарының аудан статусын ресми алуына қарай қазіргі аудандарды басқарып отырған әкімдер жайлы шағын шолу материалын ұсынбақ. Барлығы қамтылмады, көпшілігі сайт оқырмандарымының шоғырлануына қарай топтастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Соңғы жылдары облыс көлемінде әкімдер аз ауыспады. Жуық арада Самар мен Ақсуат ауданының жаңа басшылары тағайындалмақ. 2020 жылдан бері қарай алсақ, Көкпекті, Катонқарағай, Жарма, Бородулиха және тағы бірнеше ауданда әкім ауысты. Айта кетейік, ақпараттар мен фотосуреттер ресми сайттан алынды.

Дулат Қажанов (Күршім ауданы)

1984 жылдың 15 маусымында Зайсан қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2007 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Мемлекеттік менеджмент және жергілікті басқару» мамандығы, 2011 жылы «Экономика» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Қызмет мәнсабын тізбелеп шыққаннан гөрі, әкім болғанға дейінгі аралықты қамтыдық.

2010-2013 жылдары – Облыс әкімінің көмекшісі.

2013-2018 жылдары – Ұлан ауданы әкімінің орынбасары. 2018 жылдың 13 қыркүйегінен бастап Күршім ауданының әкімі болды.

Асхат Смаилов (Тарбағатай ауданы)

1968 жылғы 1 наурызында Тарбағатай ауданы Қызыл-Кесік ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.

2009 жылы ақпан айының 2-сі мен желтоқсан айының 23-не дейін Көкжыра ауылдық округінің әкім;

Бұдан соң Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы;

2010-2018 жылдар аралығында Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары.

2018-2020 жылдары Көкпекті ауданының әкімі.

2020 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Тарбағатай ауданының әкімі.

Серік Зайнулдин (Зайсан ауданы)

Зайнулдин Серік Зинабекұлы 1964 жылғы 25 ақпанда Зайсан ауданының Зайсан қаласында туған. 1981 жылы Айнабұлақ орта мектебін тәмамдады. 1981-1986 жылдары - Семей зооветеринарлық институты зоотехникалық факультетінің студенті.

1997-2004 жылдары Зайсан ауданы әкімінің орынбасары, 2007-2010 жылдары Катонқарағай ауданының әкімі, 2010 - 2013 годы жылдары Зайсан ауданының әкімі қызметтерін атқарды. 2013-2020 жылдары Үржар ауданының әкімі. 2020 жылдың 24 ақпанынан Зайсан ауданының әкімі болып тағайындалды.

Сеилбек Ысқақов (Аягөз ауданы)

Ысқақов Сеилбек Абұиырұлы 1963 жылы 26 мамырда Семей облысы, Шұбартау ауданы, Қосағаш ауылында дүниеге келді. 1983 жылы Ново-Покровка совхоз - техникумын мал дәрігерлік мамандығы бойынша, 1993 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, мал дәрігері мамандығы бойынша, 2009 жылы Орталық Азия Университетін «Заңтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

2010 – 2016 жылдары Аягөз ауданы әкімінің орынбасары. 2016-2020 жылдары Аягөз аудандық мәслихат хатшысы. 2020 жылдың 14 тамызынан бастап Аягөз ауданының әкімі.

Ділдар Қалиқан (Катонқарағай ауданы)

1985 жылдың 17 қыркүйегінде Катонқарағай ауданы Коробиха ауылында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар: 2009 жылы, Алматы экономика және статистика академиясын «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмәмдады, 2015 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдады, 2017 жылы, «Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы» жоғары білім берудің федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі, Мәскеу қаласынада экономика мамандығы бойынша магистр ғылыми дәрежесі берілді.

2020-21.01.2021 жылдары «PROLIFE» ЖШС-ның директоры лауазымында жұмыс атқарған.

2021 жылғы 25 қаңтардан бастап облыс әкімінің № 13-к өкімімен Катонқарағай ауданының әкімі болып тағайындалды.

Нұрымбет Сақтағанов (Жарма ауданы)

Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов 1970 жылы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Жуантөбе ауылында дүниеге келген.

Қызылорда педогогикалық институтын мұғалім мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. Кеден басқармасында істеп, кейінірек Көші-қон комитетінің төрағасы болды. 2012-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2015-2018 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2018-2021 жылдары Ұлан ауданының әкімі. Жарты жылдан аз уақыт Семейді басқарды. 2022 жылдың 15 ақпанынан Жарма ауданының әкімі.

Раджан Сейтқанов (Көкпекті ауданы)

1985 жылы 12 мамырда Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «Инженер» мамандығы бойынша, 2015 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.

03.2016-02.2017 Глубокое ауданы Глубокое кентінің әкімі, Глубокое кенті;

02.2017 - 03.2021 Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Глубокое ауданы Глубокое кенті;

Өткен жылдың наурыз айынан бастап қазірге дейін Көкпекті ауданының әкімі.

Ренат Құрмамбаев (Ұлан ауданы)

1980 жылдың 25 қантарында Большенарым ауданы Ново-Березовка ауылында туған. Екі жоғары білімі бар: ШҚМУ экономика факультетінің «Инженер-педагог» мамандығы бойынша, 2001 жылы; Қазақстандық-Американдық Еркін университеті заң факультетінің «Заңгер» мамандығы бойынша, 2006 жылы. Жалпы, еңбек жолын дене шынықтыру пәнінің ұстазы болып бастаған.

2017 жылғы 25 мамырдан 2019 жылғы 12 маусымға дейін аудан әкімінің өкімімен Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалып жұмыс атқарды. 2019 жылы 13 маусымнан бастап облыс басшылығының өкіміне сәйкес Катонқарағай ауданының әкімі болып тағайындалды. 2021 жылы 25 қаңтардан бастап Ұлан ауданының әкімі.

Нұржан Тоқсеитов (Үржар ауданы)

1960 жылы 6 шілдеде Семей облысы Бесқарағай ауданы Өндіріс ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1977 жылы Бесқарағай ауданы «Семеновский» совхозында жұмысшы ретінде бастаған. 1981 жылы Семей зоотехникалық-мал дәрігерлік институтына қабылданып, оны бітіргеннен кейін төрт жыл мал дәрігері болып жұмыс істеді.

1979-1981 жылдар аралығында Германия Демократиялық Республикасында әскери міндетін өтеген.

Мемлекеттік қызмет жағына келсек, алдымен Бесқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарды.

2017 жылдың наурызынан 2020 жылдың ақпанына дейін Алтай ауданының, ал ақпан айының 25-нен бастап Үржар ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

Елдар Тумашинов (Глубокое ауданы)

1987 жылы 6 қазанда Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2011 жыл-ҚазҰПУ, 2014 жыл-ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында оқыған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

2019 жылдан 2022 жылдар аралығында Өскеменде «Ертіс» «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы болып, 2022 жылдың қаңтар айынан бастап Глубокое ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Әділхан ЕСІМХАНОВ