Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті облыстағы мәселерді айқындау басты мақсаттардың бірі екенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Күнсұлу Закарья бастапқыда қандай жайттар көңіл аударуды қажет ететіндігін анықтаймыз деген. Ғылым төңірегіндегі ақпаратымен таныстырған жауапты тұлғалардың баяндамасын тыңдай келе, байқалған мәселелерді топқа бөліп, жүйелеп алуды жөн санады.
- Зауыттар бар деп жатырмыз. Шығыс Қазақстанда ғылым бойынша қордаланған мәселелерге сәйкес академия қандай көмек беру қажет екенін қарастырады. Алдымен ғылымды дамытуда не кедергі екенін анықтау қажет. Өңірлік жоғары оқу орындарының басты ерекшелігі сол, өндірістік аймақта орын тепкен. Бұл ретте ШҚТУ-дың қалайша жер қойнауын пайдаланушылардың 1 пайызына ие бола алатындығы қызық болып отыр, - деген сауал тастады Күнсұлу Закарья.
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллина мұның механизмі заң жүзінде ойлап табылғанын, қазіргі уақытта "Самұрық-Қазына" АҚ оның операторы екенін атап өтті. Соның нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушыларды тарту бойынша құрылым қалыптасқан.
- Жер қойнауын пайдаланушылар "Самұрық-Қазына" АҚ-мен тізе қосып жұмыс істеп, өздерінің ғылыми-техникалық мақсаттарымен таныстырды. Сосын конкурс жарияланып, ниет танытқан кез келген институт немесе университет оған қатыса алады. Бірақ қазір біздің жоспарымыз, бұған нақты міндеттер негіздемейді. Айталық, "ҮМЗ" және "Қазцинк" зауыттары өздерінің ғылыми-зерттеу орталықтарына ие. Заңнама тұрғысынан мұны міндеттеп қояды деген де әңгімелер тараған. Жоспарға тағы бір тоқтала кетсек, кәсіпорындармен тығыз жұмыс істеп, қоян-қолтық тәжірибе алмасуға ден қойған дұрыс деп есептеймін. Ірі зауыттардың операторлармен жүйелі жұмыс істеуі ғылымның ілгерілуіне әкелуі мүмкін, - деді Сәуле Жәдігерқызы.
Дегенмен Күнсұлу Закарья жер қойнауын пайдаланушыларды тарту бойынша жұмыс толық көлемде атқарылмай жатқанын баса айтты. Оның сөзінше, өңірлердегі ғылымның дамуы үшін дөңгелек үстел кезінде айтылған ойлар жеткіліксіз.