Ағымдағы жылдың 28 қарашасы күні Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев Ойшілік ауылдық округіне қарасты Айнабастау ауылына іс-сапармен барып қайтты, деп хабарлайды газет тілшісі.
"Іс-сапар барысында Айнабастау ауылында орналасқан бұлақ басына барып, елді мекенге таза ауыз су тарту жөніндегі мәселені талқылады және ауыл сыртында орналасқан ұзақтығы 2,5 шақырымды құрайтын дамба жұмысымен танысты. Сондай-ақ, Ойшілік фельдшерлік пунктінде болып, жүргізілген жұмыстармен танысып, қыстамаға дайындық барысын қадағалады. Сонымен қатар, «Тоғас батыр» атындағы орта мектепте болып, мұғалімдермен кездесіп, мектеп ішіндегі робототехника бөлмесін көріп, жұмыс барысымен танысты", деп хабарланған аудан әкімінің ресми сайтында.
Ерлен ОСМАНОВ