Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі аумағында өткен брифинг барысында туризмді дамытуға кедергі мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Турзим және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақовтың сөзінше, жөндеу жұмыстары алдағы жылы басталады.
– Бұқтырма су қоймасы маңындағы демалыс үйлеріне кедергісіз жету үшін екі бағытта жол салынды. Ал Аюда демалыс базасына қатысты айтсақ, тозығы жеткен жолды жөндеу жоспарда бар. Сәтін салса, келер жылы қолға алмақпыз, – деді басқарма басшысы.