Қазақстанда екпе алудан бас тартушылар көбейіп кетті. Олардың бір бөлігі діни көзқарастағы адамдар. Жыл басынан бері ата-аналарының кесірінен бес жүзден астам сәби денсаулығына қауіп төнді. Осы себепті Денсаулық сақтау министрлігі міндетті екпелерден бас тартушыларға жауапкершілік енгізуді ойластыруда.
- Бірқатар мемлекеттерде мұндай азаматтарға арнайы шаралар қолданылады, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. - Мысалы Германияда екпе алмаған балаларды мектепке алмайды. Бізде ондай жоқ. Біз бұл мәселені мамандармен, қоғамдық ұйымдармен ақылдасатын боламыз.
Сәйкес өзгерістер Денсаулық кодексіне енгізілуі мүмкін. Қазіргі уақытта мұндай талап қолданысқа енгізілген жоқ, бірақ ол болашақта енгізілуі мүмкін.
Ерлен ОСМАНОВ