Париж Олимпиадасы қарсаңында еркін күрес шеберлерінің жеребесі тартылып, 86 келіге дейінгі салмақта кімнің кіммен белдесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жүлдеден үмітті жерлестеріміздің бірі - Азамат Дәулетбеков. Ол ирандық Хасан Язданимен екі топқа түскен. Семейлік палуан әлемдік рейтингіде 1-ші орында тұр. Осыған сәйкес, оның алғашқы қарсыласы - АҚШ палуаны Аарон Брукс. 2019 жылы Дэйв Шульц мемориалында топ жарған ол әйгілі Дэвид Тэйлорды ішкі чемпионатта ұтып, Франциядағы аламанда бақ сынауға жолдама алды.
Егер Дәулетбеков Бруксты ұтса, әрі қарай жапон және алжирлік спортшылардың жеңгенімен жолығады.
Айта кетейік, 57 және 86 келіге дейінгі салмақтағы палуандар бүгін түстен кейін сағат 14:00-де бозкілемге беттейді.