Азамат Дәулетбеков Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

454
көрілім
Шартты сурет

Семейлік палуан үшін бұл ересектер арасындағы жаһандық жарыстың алғашқы медалі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгін Сербияның астанасында өтіп жатқан күрес түрлерінен Әлем чемпионатының соңғы күні. Қарағандылық Әділ Оспанов 65 келіге дейінгі салмақта жұбаныш белдесуін ұтса, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алады. 
Ал қуанышты жаңалыққа келсек, әзірге еркін күрес палуандары арасындағы жалғыз жүлдені жерлесіміз иеленді. Азамат Дәулетбеков 86 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен кездесуде пуэрториколық қарсыласын 10:0 есебімен ұтты. Айта кетейік, Дәулетбеков жастар арасында әлемдік додада күміс медаль еншілеген, ересектер арасындағы Азия чемпионы. 
Өкінішке қарай, риддерлік Олег Болтин қола медаль үшін болған белдесуде грузиялық Гено Петриашвилиге есе жіберіп, бесінші орынмен шектелді.