Айта кетейік, жерлесіміз ақпан айының басында күрес түрлерінен өтетін ел біріншілігінен босатылған болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әйтсе де рейтингілік турнирде бақ сынауда. Жүлдеге іліксе, ұпайлар беріледі. Загреб қаласындағы аламанда төрт палуан ел намысын қорғауда. Семейлік палуаннан бөлек, Ирина Казюлина (65 келі), Елена Шалыгина (68 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі) боз кілемге беттейді.
Әділхан ЕСІМХАНОВ