Семейлік еркін күрес шебері үшін енді АҚШ спортшысының финалға шыққаны керек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
86 келіге дейінгі салмақта әлемдік рейтинг көшбасшысы Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде америкалық Аарон Маркел Брукстан жеңілді. Енді Дәулетбековтің қарсыласы ширек финалда Алжир немесе Жапония палуанымен күш сынасады. Соларды ұтып, әрі қарай финалға шықса, отандасымыз жұбаныш белдесуінде күреседі.
Айта кетейік, бұл Азаматтың алғашқы Олимпиадасы. Ол - әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері, 3 дүркін Азия чемпионы, ҚР VI жазғы Спартакиадасының жеңімпазы.