Еркін күрес шеберлері Данияр Қайсанов пен Азамат Дәулетбеков жуырда бір бөлмелі пәтер кілтіне ие болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Салтанатты шараға бірқатар белді спортшы қатысты. Сахнаға беттеген атлеттердің осыған дейін төккен тері ақталып, шыттай киінген олар қуаныштың куәсі болды. Марапат алғандардың арасында Семей мен Көкпекті ауданының тумасы бар. Жуырда Астанада өткен жеңіл атлетикадан X Азия чемпионатында олжа салған жерлестеріміз де құрметті қонақтардың қатарында болды.
Естеріңізде болса, 2019 жылы Астанада күрес түрлерінен Әлем чемпионаты өтіп, сол сында Данияр Қайсанов бесінші орын алған болатын. Кейін қола медаль үшін өткен кездесуде жолын кескен Францияның үздігі Зелимхан Хаджиев допинг дауына ілігіп, Қайсанов қола жүлдегер деп танылды. Ал Азамат Дәулетбеков былтыр Белградта өткен жаһандық жарыста үздік үштікті түйіндеді.
Қос палуан берген бір бөлмелі пәтерге дән риза. Осы ретте Дәулетбеков өңір басшысы Даниал Ахметов пен ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жандос Сайхановқа алғысын жеткізді.
Әділхан ЕСІМХАНОВ