Сербияның астанасы Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен жаһандық жарыста бүгін кезекті жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Еркін күрестен әзірше ешбір спортшы финалға өте алмады. Әйтсе де медаль алу мүмкіндігі бар. 70 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Сырбаз Талғат жұбаныш белдесуінде өнер көрсетпек. Ал жерлестерімізден бүгін Азамат Дәулетбеков 86 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін күреседі. Қарсыласы Пуэрто-Рико және Италия елдерінің палуандары арасындағы кездесуден соң белгілі болмақ.
Риддерлік Олег Болтин жұбаныш белдесуіне шығуы тиіс еді, бірақ қарсыласы өзбек палуанының жарысты жалғастырмауына байланысты бірден үшінші орын күшін күреседі. Қарсыласы Грузия елінің өкілі, Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Гено Петриашвили.