Қолда бар дерекке сәйкес, Париж Олимпидасына баратын Ұлттық құраманың төрт спортшысына бәсеке алдында көмектесетін палуандар белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бірақ бұл алдымен Ұлттық олимпиадалық комитет тарапынан қолдау табуы тиіс. Kaz_wrestling _mode парақшасы ақпаратынша, қазір осы мәселе қарастырылып жатыр.
Егер комитет қолдап жатса, онда:
57 келідегі Мейрамбек Қартбайға көмектесуге Рахат Қалжан;
86 келідегі Азамат Даулетбековке көмектесуге Нұржан Исағалиев;
97 келідегі Әлішер Ерғалиға көмектесуге Ризабек Айтмұхан;
125 келідегі Юсуп Батырмурзаевқа көмектесуге Омар Эюбов спарринг-серік ретінде қарастырылуда.
Бірнеше күнде осы жағы анықталып қалар.