Азамат Дәулетбековті алғашқы айналымда ұтқан палуанның өзі жартылай финалда жеңіліп қалды

139
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Париж Олимпиадасы басталғалы көп жанкүйер семейлік палуанның жүлдегерлер қатарынан көріну мүмкіндігі жоғары деген болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
АҚШ палуаны Аарон Брукс Дәулетбековті бірінші айналымда 4:3 есебімен ұтты. Жерлесіміз әлемдік рейтингіде көш бастап тұрғанымен, белдесу кезінде қарсыласынан айласын асыра алмады. Егер ол финалға шықса, жұбаныш белдесуін өткізу мүмкіндік алатын еді. Бірақ Брукстың өзі кеше түнде Болгарияның атынан шыққан дағыстандық Магомед Рамазановқа 3:4 есебімен жол берді. Енді ол қола медаль үшін күреседі, ал Азамат Дәулетбеков Олимпиада ойындарын медальсыз аяқтады.