Азияда аламаны өтуде

409
көрілім

Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында 1 алтын, 5 күміс және 8 қола медаль иеленген Қазақстан рейтингте оныншы орында келеді.

Азия ойындарының алғашқы күні қазақстандықтар алтын, күміс және екі қола медаль жеңіп алған болатын. Алтынды семсерлесуші Дмитрий Алексанин, күмісті еркін күрестен Данияр Қайсанов, дәл осындай спорт түрінен Саятбек Оқасов мен Әділет Давлумбаев қола медальдарды иеленген. Азиада ойындарының екінші күні (20 тамызда) ел қоржынына күміс жүлде бұйырды. Екінші орынды әйелдер күресінен Жұлдыз Ешімова жеңіп алған еді. Дәл сол күні таэквондошы Фариза Алдоңғарова ел қоржынына тағы бір қола медальды алып берген. Тартысты сайыстың үшінші күні Қазақстан қоржынына біршама медаль түсті. Дегенмен, медальдардың ішіндегі алтыны әлі де бұйырмады.

Төртінші күнде (22 тамыз) Қазақстан қоржынына 8-ші қола медаль түсті. Семсерлесуден ел намысын қорғаған Қазақстан әйелдер командасы қоржынға 14-ші жүлдені салды. Ал ХVIII Жазғы Азия ойындарында Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин брасс әдісімен 100 метрге жүзуде финалдық бәсекеге жолдама алды.

Асқар ТҰМАРБЕК