Облыс орталығында иттердің барлық түрлері қатыса алатын ұлттық көрме өтеді. "Старая крепость" кинологиялық орталығы САС дәрежесіндегі барлық тұқымдағы иттердің ұлттық көрмесіне тіркеу басталғанын хабарлады. Көрме нәтижесінде иттер арнайы дәреже алып, чемпион аталуы мүмкін деп хабарлайды газет тілшісі YK-News.kz сайтына сүйене отырып.
Бұл көрменің бір ерекшелігі - екі күн ішінде жануар бірнеше дәрежеге ие болуы мүмкін көрінеді. Өйткені оларға әр түрлі судьялар баға беретін болады. Бірінші күні өскемендік Максим Зубов, Анель Болгумбаева, Наталья Кучко, Олга Пуха мен қарағандылық Наталья Масалевичене сынды сарапшылар сараласа, екінші күні өз бағасын Тараз қаласынан келген Алена Мартынова беретін болады.
"Старая крепость" кинологиялық орталығы ұйымдастырған САС дәрежесіндегі иттердің ұлттық көрмесі 3-4 қараша күндері сағат 10.00-де Өскемен қаласының Қабанбай батыр көшесі, 45 мекенжайында орналасқан "Арман" Мәдениет үйінде өтпек.
Адамдар иттерін 23 қазанға дейін Тәуелсіздік даңғылы, 52 мекенжайы бойынша тіркей алады. Байланыс телефондары +7 777 250 09 77, +7 771 407 00 27, e-mail: radggold@mail.ru (Федорова Алла Сергеевна).
Ерлен ОСМАНОВ