Балықшыларға су айдындағы қауіпсіздік ережелерін еске салды

186
көрілім

ШҚО ТЖД құтқарушылары балықшылардан қауіпсіздік шараларына жауапкершілікпен қарауды сұрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ауа температурасының ауытқуы мұздың барлық жерде қауіпсіз болмауы мүмкін. Сонымен қатар, кейбір балық аулау әуесқойлары автокөлікпен су қоймасына мұз бетімен тікелей аулау орнына барады. Қарапайым қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарап, өз өмірі мен жолаушыларының өміріне қауіп төндіреді.
ШҚО ТЖД құтқарушылары қысқы су айдындарында қауіпсіздік шараларының алдын алуды жандандырды: 460-тан астам рейдтік іс-шаралар, 164 нұсқама, 19 жиын өткізілді, онда балықшыларға мұзда болу ережелері түсіндіріліп, жадынамалар табысталды.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 412-бабын бұзғаны үшін 1 балықшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Рейдтер барысында ШҚО ТЖД қызметкерлері кез келген уақытта бір-біріне көмекке келуі үшін ешбір жағдайда жалғыз балық аулауға бармау керектігін еске салады.
"Азаматтардан мұздағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз. "Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне" сәйкес қалыңдығы 25 сантиметрден кем мұзға шыққан кезде өзімен бірге ысқырық, құтқару жилеті, құтқару ілгегі, диаметрі кемінде 11 мм арқан, ұзындығы кемінде 12 метр, ұзындығы кемінде 2 метр таяқ, су өткізбейтін пакетте ұялы телефон болуы қажет", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.
Құтқарушылар ата-аналарға балалармен қосымша әңгімелер жүргізуге кеңес береді. Қысқы су қоймалары балалар ойындары үшін орын емес екенін түсіндіріңіз.
ШҚО ТЖД көз алдында адам мұзға құлағанын көрсеңіз бұл туралы дереу "112" телефоны арқылы хабарлауға шақырады. Балық аулау қызықты болса да, мұздағы мінез-құлық ережелері туралы ұмытпаңыз, сіздің өміріңіз осыған байланысты!
Жеңіл автомобильдердің өтуі үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 30 см, жүк көліктері үшін кемінде 50 см
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.