Бас бапкер Әлем чемпионатының өтетіндігіне күмәнді

480
көрілім
Фотосурет wrestling.kz сайтынан

Еркін күрестен ерлер Ұлттық құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев Бүкіләлемдік күрес әлемі жаһандық доданың өткізілуіне рұқсатын берсе де, әлі нақты өтер-өтпестігіне күмәнмен қарауда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, UWW-дың атқарушы комитеті 12-20 желтоқсанда күрес түрлерінен 2020 жылғы әлем чемпионаты өтетіндігін мәлімдеген болатын. Барлық мемлекеттер қазіргі жаттығуларына білек сыбана кірісіп кеткен. Санаулы күндерден соң әр салмақта бәсекелестік қызып тұрған Ресей чемпионаты да өткізілмек. Осы ретте бас бапкер ұлттық олимпиадалық комитеті тарапынан «палуандарымыз жылдың маңызды додасына қатыса ма?» деген сауалға мынадай пікір білдірді.

– Осы жылы жалауын көтеретін Әлем чемпионатының нақты өтетіні кеше ғана белгілі болды. Бұл жоспарымыздың барлығын өзгертуі әбден мүмкін. Бүгінге дейін дүниежүзілік біріншіліктің тағдыры бізге жұмбақ болғандықтан алдын ала бірнәрсе айтуы қиын еді. Ал күні кеше ведомствоаралық комиссиясының соңғы хаттамасына сәйкес қазақстандық спортшыларға шетелде жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуына тыйым салынып, Қазақстан чемпионатын өткізуге рұқсат берілді. Карантиндегі жоспарға мұны да кіргізбеген едік. Қазір жағдайды жіті қадағалап, әрі қарай жоспарды өзгертеміз. Ал Сербиядағы әлем чемпионатына қатысу, қатыспауымыз белгісіз. Ал бұл жағын ведомствоаралық комиссия шешеді. Егер рұқсат берсе, біз қатысуға дайынбыз, - дейді бас бапкер.