«Бас Прокуратура жанар-жағармай бағасын реттеп, оны реформалау үшін кешенді ұсыныстар әзірлеуі тиіс» – Президент

12007
көрілім
Шартты сурет

Мемлекет басшысы ел азаматтары мен кәсіпкерлері жанар-жағармай өндіру және оны бөліп-тарату жүйесінің ашық болмауынан жыл сайын зардап шегіп жатқандығын мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, тіпті, жанар-жағармай бағасын жарты жыл бойы қолдан реттеу мәжбүрлігі туындаған.

– Осы кезеңде Бас прокуратура Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, сондай-ақ Энергетика министрлігімен бірлесіп, осы саладағы жұмыстарды ретке келтіруге, оны реформалау үшін кешенді ұсыныстар әзірлеуге тиіс. Егер бұл жұмыс бір жолға қойылмаса, жанар-жағармай бағасын реттеу жүйесі сақталады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.