Тасқынның кесапатын тартқан 4 семейлік отбасыға өтемақы берілмеген. Себебі, олар арнайы құрылған комиссияға қажетті құжаттарын өткізбеген
– Өтемақысыз қалған отбасы мүшелері қажетті құжаттарды жинап өткізбеді. Себебі, ұзақ жылдар тұрып жатқан баспаналарының тиесілі құжаттары болмаған. Бірақ өтемақы төленбесе де жергілікті билік оларды баспанасыз қалдырмайды. Біз қайырымдылық қоры есебінен үйлеріне жөндеу жүргізіп береміз, – деді қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Светлана Заурбекова.
Оның айтуынша, 4 отбасы үйдің құжатын рәсімдеп, өздері ұсынуы керек. Барлық іс тек қажетті құжаттармен жүзеге асырылады екен.
Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ