Бастауыш партия ұйымына жаңа төрайым тағайындалды

6212
көрілім

2021 жылдың 19 сәуірінде Семей қаласы 17 округінің БПҰ есеп беру-сайлау жиналысы өтті.
Жиын барысында бастауыш партия ұйымының 2019-2020 жылдардағы атқарылған жұмыстар бойынша ұйым жетекшісінің есебі тыңдалды. Сонымен қатар жиынға қатысушылар  бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасарын сайлады.
Сондай-ақ, Ж.Ж. Базарбаева ата-аналар қоғамдастығы, педагогикалық ұжым және №3 мамандандырылған мектептің атынан депутат Ж. Т. Молдағалиева жұмысына оң баға беріп, мекемені толғандырған  мәселелерді   оң шешкені үшін алғысын білдірді.
Отырыс барысында  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасы талқыланды.
Жиынға қатысушылардың дауысқа салуымен Бастауыш партия ұйымының төрайымы болып депутат Жанат Тұрсынғалиқызы Молдағалиева сайланды. Сондай-ақ  партияның Семей қалалық филиалының конференциясына делегаттар анықталды.