Батып кете жаздады

709
көрілім

Семейде Ертіс өзеніне батып бара жатқан жеңіл автокөлік судан шығарылды. Көліктің рөліндегі 27 жастағы жүргізуші сыртқа шығып үлгерген, деп хабарлайды газет тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«ВАЗ 2114» маркалы көлігінің Ертіс өзеніне батып бара жатқаны туралы хабарды көлік иесі өзі хабарлаған. Ол машина өзенге түсіп бара жатқанда салоннан өз бетінше шығып үлгерген. Анықталғандай, қала тұрғыны өзеннің келесі бетіне Ертіс жағалауымен жүріп өтпек болған. Алайда, мұз жарылып кеткен.

Құтқарушылар көлікті өзеннен шығарып алу үшін 3 сағат арпалысты. Бұл іске 3 арнайы техника мен суда құтқару және өрт сөндіру қызметінің 9 маманы жұмылдырылды.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ