Ресми мәліметпен өңірлік ақпарат орталығы бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Ол Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін, Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика институтын (МЭСИ) «Антикризистік басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Белгілі медиа-менеджер Бауыржан Айтқазиннің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы тәжірибесі мол. «Таң» телеарнасында жаңалықтар жүргізген, 31 арнада «Информбюро» бағдарламасының жетекші шығарушы редакторы болып қызмет атқарған.
Сондай-ақ «Хабар» Агенттігінің «7 күн» ақпараттық-аналитикалық бағдарламасын жүргізді.
Әр жылдары Республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы филиалдарын басқарды.
Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің бас директоры, Мәжіліс Парламентінің баспасөз қызметінің басшысы, Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат Комитетінің төрағасы, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.
Қазақстан Журналистер Одағы премиясының лауреаты, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.