Өскеменде өткен жиында "Amanat" партиясы жанындағы республикалық штаб мүшесі, "Хабар" агенттігі басқарма төрағасы Берік Уәли жаңадан құрылатын облыстарға тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, жаңадан құрылған облыстар маусым айының 8-і күні жекеленіп шығады.
- Өздеріңіз білесіздер, наурыз айының 16-сы күнгі Президент Жолдауы барысында Шығыс Қазақстан қоғамында тарихи әділеттілік орнап, орталығы Семей деп бекітілген Абай облысы құрылатындығы айтылды. Жетісу да өз алдына облыс болып, Жезқазған өңірлерінде тарихи атауларымыз жаңарды. Қазіргі референдум Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Әдетте, осындай өзгерістер көп елдерде биліктің өз ықпалын күшейту мақсатында жасалатын. Бұл жолғысы суперпрезиденттік жүйеден президенттік республикаға түбегейлі көшуге бағытталған, - деді Берік Уәли.