Берік Уәли алдағы референдумның ерекшелігін айтты

604
көрілім

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да өтіп жатқан жиында "Amanat" партиясы жанындағы республикалық штаб мүшесі, "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы Берік Уәли маусым айының 5-і күні өтетін референдумның ерекшелігін атады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

"AMANAT" партиясы ШҚО бойынша филиалының басшылығы ұйымдастырған жиында аталған білім ордасының оқытушылары, студенттері қатысты. Шығыс өңірінің тумасы Берік Уәли алдымен университеттің соңғы жылдары білім шеңберінде жеткен жетістіктерімен құттықтады. Одан соң референдумнан кейін болатын өзгерістерге тоқталды.
- Ата Заңымыздың үштен бір бөлігіне өзгеріс енгелі тұр. Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы лауазымына тағайындалған кезде "Мен халыққа берген уәделерімнің барлығын орындаймын" деген болатын. Сол жоспар рет-ретімен орындалуда. Бұған дейін елімізде референдум үш рет өткен. Осы жолғысының ерекшелігі - халыққа өз таңдауын жасап, пікірін еш жасқанбай білдірулеріне еркіндік берілді. Ата Заңымызға конституциялық сот енгізілмек. Бұл осыған дейін болған, тек белгілі бір себептермен түсіп қалған еді. "Жаңа Қазақстан" десек, билікке бұқара жұрт атынан айтылған ұсыныс маңызды өзгерістер әкелетіні сөзсіз. Конституция еліміздегі ең маңызды құжат, осы арқылы халықтың тұрмыс-тіршілігінің оңалатынына сеніміміз мол, - деді ол.
Өз сөзінде ол мұндай өзгерістердің барлығы Президенттің наурыз айындағы Жолдауынан басталғанын жеткізді.