Мұндай шешім облыстық мәслихаттың VII сессиясында қабылданды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Олардың қатарында танымал спортшы да, ақын да, тарихшы да бар. Айталық:
1) Қол күресінен Әлем, Азия чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұхамедолла Ағзамов;
2) ТҮРКСОЙ жанындағы Түркі мемлекеттері жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет;
3) Алтай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Элла Гейгер;
4) «Қазцинк» ЖШС бас директоры Александр Хмелев;
5) Тарих ғылымдарының докторы Әбдеш Төлеубаев.
Ресми ақпаратты облыстық мәслихат төрағасы Денис Рыпаков ұсынды. Мәслихатта айтылғандай, бұл шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.