Бесқарағай ауданында 50 тонна жем-шөп өртенді

404
көрілім

Өртті толығымен сөндіруге үш сағаттан астам уақыт кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқиға Глуховка ауылында орын алды. 100 шаршы метр құрылыс нысанынан басталған жалын ошағы біртіндеп шөп үйілген қораны шарпыған.

– Өрт себебі анықталуда. Алайда әдейі жасалған болуы да мүмкін. Сонымен қатар өртке қарсы амалдардың болмауы әсер етуі мүмкін, – деді ТЖД мамандары.

Басқарманың мәліметінше, жыл басынан бері облыста мұндай 110 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан мыңдаған тонна жем-шөп жанып кетті.