Бесқарағай ауданында Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ана жүрегі» атты іс-шара өтті. Іс-шараны өткізуге аудандық ішкі саясат, мәдениет және Тілдерді дамыту бөлімі, тілдерді оқыту орталығы, Жастар рсурстық орталығы және аудандық Мәдениет үйі атсалысты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Іс-шараға әр санаттағы әйелдерді қамтып, онда «Алтын алқа», «Күміс алқа» мен марапатталған көпбалалы аналар да қатысты.
Алтын құрсақ аналарымызды аудан әкімінің аппарат басшысы Н. Агибаев құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.
Кеңес мүшелері құрметті аналарға салтанатты түрде аналық мейірімділіктің нышаны –ақ орамалды иықтарына жапты.
Шара барысында Тілдерді оқыту орталығы латын аліпбиін меңгеруге бағытталған қызықты ойын түрінде викторина өткізді. Барлық қатысушылармен қатар Борас орта мектебінің 10-шы сынып оқушылары Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай ақынның сөзіне жазылған әндерді орындап, жыр төгілтті. Салтанатты кеш соңында Саруижамал әже кейінгі ұрпаққа аналық ақ батасын берді.