Шошқалы көлі жағалауын абаттандыру жұмыстары келер жылдан басталмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тұзды, шипалы сулы көлдің жағалауында бірқатар туристік нысандар бой көтермек. Аудан табиғи ресурстарға бай өлке.
Шошқалы көлі емдік суының арқасында өзге сауықтыру, демалыс орындарымен бәсекелесе алады.
Бесқарағай ауданы әкімдігінің айтуынша, көл маңындағы электржабдықтау және абаттандыру жұмыстарына инвестициялық ұсыныс жасалған. Электр желісін тарту 2020 жылдан басталмақ.