Бесқарағай ауданында заңсыз ағаш кескендер ұсталды

313
көрілім

Қаңтар айының басында Бесқарағай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне «Семей Орманы» ММ директорынан орман күзетінің қызметкерлерімен бірлесе патрульдеу барысында ағаштардың заңсыз кесілгені туралы өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мән-жайды анықтау кезінде көлемі 56,5 текше метрді қамтыған 112 дана қарағай, сондай-ақ көлемі 0,3 текше метр болатын 25 дана көктерек кесілгені анықталған. Жлпы залал шамамен 350 000 теңгені құрады.
- Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар Семей қаласының 40 жастағы тұрғыны және Бесқарағай ауданының 43, 46, 30, 51 жастағы тұрғындары болып шықты. Олардан трактор, тіркеме және кесілген ағаштардың бөренелері тәркіленді, - делінген мәліметте.
Бүгінде оларға қатысты келу міндеттеме түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 340 – бабы 3-бөлігіне (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу көзделген.