Бесқарағай ауылында төтенше жағдай жарияланды

748
көрілім
Жер асты суы бұрынғы қалыпта. Жергілікті атқарушы орган тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төтенше жағдай жариялаған.

– Естеріңізге сала кетсек, 14 сәуір күні ауылдың шетіндегі 9 үй мен 10 ауланы су алып кеткен болатын. Оқиға орнынан 22 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Арада 4 күн өткенімен, жағдай әлі қалыпқа келген жоқ. Қазіргі уақытта су тасу жағдайының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Жергілікті тұрғындарға нұсқау, кеңес беру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Ауданда жедел штаб құрылып, аудан әкімі міндетін атқарушы Е.Рахметулин жағдайды бақылауына алған. Облыстың өзге де өзендерін тексеру жұмыстары жүргізіліп, ШҚО ТЖД-нің жедел штабы тәулік бойы жағдайды бақылауына алған.

Аян Өрібаев