Семей полигонының жабылғанына 27 жыл толуына орай «Бейбітшілік» акциясы өтті, деп хабарлайды газет тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Бейбітшілік» акциясы Семейде 2009 жылдың 29 тамызынан бері өтуде. Биылғы шараға 10 мыңға жуық адам қатысты. Шақырылған меймандар «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қойып, ядролық сынақ зардаптарынан жапа шеккендерді 1 минут үнсіздікпен еске алды.
– 29 тамыз - барлық қазақстандықтар үшін маңызды күн. 27 жыл бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы түбегейлі шешім қабылдады. Бүгінде бұл бейбіт бастама әлемнің көптеген елдерінде қолдау тапты. Біздің міндетіміз - ядролық қарусыз әлемдегі Қазақстанның идеясын сақтау және арттыру, – деді қала басшысы Ермак Сәлімов.
Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ