Бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады

367
көрілім

Бейсенбіде еліміздің басым бөлігіне антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.


Тек батыс, солтүстік-батыс және шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағаймен бірге жел күшейеді. Тек республиканың солтүстігінде түнде тұман күтіледі,
Жамбыл, Қостанай, түнде Шығыс-Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік-Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында күндіз қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.