Жер-жаһанның кіл мықтылары ақпан айының 4-і күні Қытайдың Бейжің қаласында алауы тұтанатын қысқы Олимпиада ойындарында бас қосады. Ел құрамасы сапында шығысқазақстандық тоғыз спортшы бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Естеріңізде болса, 2018 жылы Оңтүстік Корея жерінде өткен ақ Олимпиадада өңір атынан 12 спортшы барған болатын. Биыл үшеуге кеміген. Алайда қай сала болсын сан емес, сапаның бірінші орынға шығатыны белгілі ғой. Қызығы сол, фристайлдің могул түрінен бірыңғай жерлестеріміз жарыс жолына шығады. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева мен Әлем кубогі кезеңінің бірнеше дүркін жүлдегері Дмитрий Рейхердке артылған сенім әлі де мол. Сонымен спортшылар тізімі төмендегідей:
Фристайл могул
Дмитрий Рейхерд, Юлия Галышева, Павел Колмаков, Аяулым Амренова, Олеся Граур, Анастасия Городко
Шаңғымен трамплиннен секіру
Сергей Ткаченко
Тау шаңғысы
Захар Кучин
Биатлон
Галина Вишневския-Шепоренко
Жалпысында, қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиадаға 87 жолдама жеңіп алды. Еліміздің көк туын Абзал Әжіғалиев пен Екатерина Айдова көтеріп шығады.