Білім күні салтанатына қатысты

444
көрілім

Шаһар әкімі Жақсылық Омар Білім күні қаладағы №8 орта мектептегі алғашқы қоңырау салтанатына қатысып, білім ордасының технологиялық жаңартуларымен танысты.

- Бүгін Білім күні, - деді Жақсылық Омар, - Өткен оқу жылында қала мектептерінен 1500 оқушы түлеп ұшты. Ал бүгін 2500 бүлдіршін 1 – сыныпқа келді. Бұл әрине, жақсылықтың белгісі. Басты міндет – шәкірттердің сапалы білім, саналы тәрбие алуына барлық мүмкіндіктерді жасау.

Қала әкімі сондай-ақ мектептің инклюзивті білім беру орталығымен танысты. Әрине, аталмыш орталықтың білімпаз шәкірттерге берері көп.

Инклюзивті білім беруді дамыту – көздеген мақсатқа жетудің биік шыңы болмақ.

Өскелең қала Өскемен

Солтүстік соғыстың ең бір шиеленіскен тұсында ұлы Петр „Зайсан көлі маңында қамал салынсын„ деп біздің өлкеге экспедиция жіберіпті: „Құмдауыт өлкеде алтын өндіруге болады„ деп естіпті олар. Майор Лихаревтің бастауымен олар Ертістен Зайсанға дейін жүзіп барыпты. Алайда алтын да жоқ, қамал тұрғызатын ыңғайлы жер де таба алмапты. Оған қоса жоңғарлардың шабуылына тап болыпты. Содан Ертіс пен Үлбінің қосылған тұсына келіп Лихарев Усть-Каменная қамалын салдырған екен.

***

Өскемен қаласының елтаңбасы – сулы да нулы кеңістіктер мен биік тау жоталары жасыл жағалаулармен көмкерілген Үлбі мен Ертістің ерекшелігін сипаттайды: Елтаңбаның жоғарғы жағында – қала атауы жазылған. Төменде – лентада қамал тұрғызылған жыл көрсетілген күзет мұнарасы.

***

Қаланың туы – Ертіс пен Үлбінің қосылғанын сипаттайды. Мемлекеттік Тудың түсімен берілген жалаудың ою-өрнегі мен диагональ сызықтар қаланың аймақтық кеңістігін көрсетеді. Түстердің өзара үйлесімділігі тазалық пен байлықтың, өркендеу мен өз-өзіне сенімділіктің белгісі.

***

Өскемендегі Қазақстанның рәміздері тауы – ҚР мемлекеттік Рәміздері орналасқан ең биік тау болып есептеледі. Тудың мөлшері 12x24 метр – Қазақстандағы екінші үлкен Ту болып саналады.

Өскемен

Усть-Каменная қамалы ретінде іргесі қаланған. 1720 жылдың 20 тамызында орыс армиясының әскери отряды Ертіс пен Үлбінің қосылған тұсына келіп қамал тұрғызады. Осы күн – Өскемен қаласының негізі қаланған күн болып есептеледі.

Өскемен шаһарының аумағы - 543,15 шаршы километр.

Халқының тығыздығы – 1 шаршы километрге – 627 адамнан.

2016 жылдың басында Өскеменде 664,7 мың (47,6%) еркек, 731,1 мың (52,4%) әйел адам тұрған.

Халқы – 2018 жылы – 341065 адам.

Қалада – 7 ЖОО, 44 мектепке дейінгі мекеме, 48 мектеп (2-уі жекеменшік), 19 арнайы орта білім беру мемкемелері жұмыс істейді.

Қалада: 6 мешіт, 6 шіркеу, 1 синагог жұмыс істеп тұр.