Өскеменде таяуда бильярдтан жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаз анықталды. Аталған сайыста облыстық жарыс жолдамасы сарапқа салынған болатын.
Облыс орталығында дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен бильярдтан спорт ардагерлері арасында Шығыс Қазақстан облысы турнирі жалауын көтеріп, облысымызға қарасты әрбір аудан, қалалардан іріктелген жеңімпаздар сайысты. Сайдың тасындай іріктелген спортшы ардагер қатарында Жарма ауданы атынан өнер көрсеткен Төлеубек Қасенов айқын басымдығын танытып, облыстық турнирдің жеңімпазы атанды. Ендігі кезекте Төлеубек Қасенұлы сәуірдің 14-15 аралығында Астанада өтетін республикалық жарыста Шығыс Қазақстан өңірінің намысын қорғайтын болады.
Төлеубек Қасенұлы табаны күректей 45 жыл спорт саласында еңбек еткен. Жарты ғасырға жуық еңбек жолының 15 жылында Жарма аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін басқарса, 17 жылында еркін күрес, үстел теннисі сынды спорттан жаттықтырушы болды
Мейірхан Оспанбаев