30 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай, Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Катон-Қарағай, Көкпекті, Күршім, Үржар аудандарының көмекке мұқтаж азаматтарына «Birgemiz-Shygys» аймақтық қоғамдық қорынан бір жолғы 50 мың теңге көмек беру басталды.
Қазіргі уақытта көмектің 4-ші толқын бойынша облыстың 6449 тұрғынына жалпы сомасы 322 миллион 450 мың теңгеге көмек көрсетілді.
Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету бойынша осы жылдың 31 наурызында құрылған «Birgemiz» республикалық қорынан осыған жалпы 44 мыңнан астам шығысқазақстандық көмек алды.
Көмек төмендегі санаттар бойынша берілді.
-
аз қамтылған және көп балалы отбасыларға;
-
мүгедек баланы күтуді жүзеге асыратын адамдарға;
-
ең төменгі зейнетақы алатын
-
зейнеткерлерге;
-
тұл жетімдерге;
-
1-ші топтағы мүгедектерге;
Көмекті алу үшін ешқайда барудың немесе құжат тапсырудың қажетті жоқ. Егер сіз жоғардағы санаттардың біреуіне кірсеңіз қаражат сіздің жеке шотыңызға автоматты түрде түседі және қаражат түскені туралы телефоныңызға хабарлама келеді.