Бірінші медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша тұрғындарға арналған жадынама

596
көрілім
Шартты фотосурет

Мамандар еліміздегі кез келген тұрғынның өзін жайсыз сезінуіне байланысты түрлі сауалдар туындаса соған сай әрекет жасайтын жадынаманы жүйелеп, көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

  • 38 градусқа дейін дене қызуының көтерілуі

  • шаршаңқылық, әлсіздік

  • тершеңдік

  • өне бойдың қақсап ауыруы

  • бас ауруы

  • тамақтың жыбырлауы

  • жөтел

  • иіс пен дәм сезудің бұзылуы

  • диарея

Мұндайда үйде қалып, жұмыстағы басшыңызға инфекция сиптомдарының байқала бастағанын ескертіңіз;

Басқа отбасы мүшелерінен өзіңізді оқшаулаңыз;

Емханаға хабарласыңыз, учаскелік дәрігерге смс жіберіп, инфекция белгілері байқала бастағанын жеткізіңіз

  • Төмендегі көрсеткіштер бойынша жағдайды бақылауға алуға тырысыңыз:

  • Еркін тыныс алу

  • Дене қызуы

  • Тамыр соғысының жиілігі

  • Ентігу

  • Жөтелдің күшеюі

  • Осындай бақылау нәтижесін учаскелік дәрігерге жіберіңіз

Өзіңізді жайсыз сезінсеңіз жиі-жиі шай, су ішуге тырысыңыз

Дене қызуын түсіру үшін парацетамол (немесе ибупрофен) ішу қажет

Күрделі жаттығулар жасап, жиі қимылдап өз-өзіңізді шаршатпаңыз

Егер де дене қызуыңыз 3-5 күндей жоғарылап, одан кейін де түспесе учаскелік дәрігерге хабар беріп, бар жайтты бүкпесіз айтыңыз. Ол сізге тиісті ем-дом қабылдауға кеңес береді.