Өскемен гарнизонына қарайтын әскери бөлімдердің әуесқой автокөлік қоғамдарының төрағаларына әскери автокөлік полиция бөлімшесінің ұйымдастыруымен жол ережелері мен құқық бұзушылыққа қатысты алдын алу жұмыстары атқарылуда.
"Қауіпсіз жол" айлығы және "автомобиль – қауіптілігі жоғары көз" акциясы шеңберінде 2021 жылғы 20 мамыр мен 10 маусым аралығында Өскемен гарнизоны әскери полиция бөлімінің әскери автомобиль полициясы бөлімшесі Өскемен қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонымен бірлесіп жол-көлік оқиғаларын азайту бойынша, оның ішінде әскери қызметшілердің қатысуымен алдын алу іс-шараларын жүргізуде.
Алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде мас күйінде көлік құралдарын басқаруға, жылдамдық режимін, маневр жасауды, басып озу және жол қозғалысына қатысушылардың қарсы жүріп өту ережелерін сақтауға ерекше көңіл бөлінеді. «Автокөлік тұрағында өткізілген осындай сабақтың нәтижесінде біз әрбір әскери қызметші дұрыс қорытынды жасап, жолаққа шыққанда өте мұқият болады деп үміттенеміз, өйткені өзіне деген сенімділіктің шамадан тыс артып кетуі немесе жол ережелерін елемеу өте үлкен зардап алып келуі мүмкін» - деді Өскемен гарнизоны әскери полиция бөлімінің әскери автомобиль полициясы бөлімшесінің бастығы капитан Талғат Замзин.
Сонымен қатар, әскери қызметшілермен жол қозғалысын сақтау бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Түсіндіру жұмыстары барысында жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы жадынамалар таратылады.
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі