Бірнеше қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған Тәжікстан азаматы Өскеменде ұсталды.

380
көрілім

Құқық қорғау органы қызметкерлері Өскемендегі жалдамалы пәтерлердің бірінде жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында шетелдік қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

25 жастағы тәжікстандық бір жылдан астам уақыт бойы алаяқтық пен ұрлық жасағаны үшін іздестіруде болған.

«Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәжікстан Республикасындағы әріптестерге қылмыскердің орналасқан жері туралы хабарлама жіберілді. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылуда», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері ШҚО ПД қызметкерлері іздестіруде жүрген 20-ға жуық қылмыскерді ұстаған.