Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

393
көрілім


Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Қазгидромет» РМК таратқан ақпаратқа сәйкес, 3 маусымда Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында және Алматы қаласына жақын аумақтарда жаңбыр жаууына байланысты, тау баурайларынан ағынды сулар ағып, өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.


3 маусым күні түнде және 4-5 маусым күндері Жамбыл облысының кей жерлерінде нөсер жаууы мүмкін. Кей жерлерде найзағай жарқылдайды, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Жел алдымен оңтүстік-батыстан, артынша шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Таразда 3-5 маусым күндері оқтын-оқтын найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Жел алдымен оңтүстік-батыстан, артынша шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Дауыл соғу қаупі 85-90 %.


3 маусым күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел алдымен оңтүстік-шығыстан, артынша солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 3 маусым күні Оралда күндіз найзағай жарқылдауы мүмкін. Жел алдымен оңтүстік-шығыстан, артынша солтүстік-батыстан 18 м/с жылдамдықпен соғады. Дауыл соғу қаупі 90-95 %.


3 маусым күні Қостанай облысының кей жерлерінде жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, түнде және таңертең кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Қостанайда 3 маусым күні жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, түнде найзағай ойнайды. Дауыл соғу қаупі 90-95 %.


3 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде найзағай жарқылдауы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Дауыл соғу қаупі 90-95 %.