Қуандық Бишімбаев ісін қараған сотта мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанова жаңа лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Елордалық прокуратураның хабарлауынша, Айжан Аймағанова мемлекеттік айыптауды қолдау және Астана қаласы прокуратурасының апелляциялық сатысына қатысу басқармасының бастығы лауазымына тағайындалып, әділет кеңесшісі атанған.
Еске сала кетейік, Айжан Аймағанова Салтанат Нүкенованы өлтіру ісін қараған сотта мемлекеттік айыптаушы болды.
Сол кезде ол Астана прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарып жүрген.
Сонда ол өжеттік танытып, іске немқұрайлы қарамағаны үшін қазақстандықтардың кумиріне айналды.