Биыл Аягөзде құрылыс материалдарын өндіретін жаңа комбинат өз жұмысын бастайды

645
көрілім
Комбинат жаңа жұмыс орындарын көбейтіп, құрылыс секторының дамуына үлкен серпін тигізеді деп күтілуде. Бұл туралы ШҚО Ақпараттық орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында Аягөз ауданының әкімі Бақытжан Байахметов мәлім етті.

Аудан басшысының айтуынша, өткен жылы аудан бойынша өндірілген өнім көлемі 51 млрд. теңгені құраған. Ірі қара мал басы 6,7%-ға, жылқы 2,8%-ға өссе, қой мен ешкі 2%-ға төмендепті. Сондай-ақ тіркелген кәсіпорындар саны 11,6%-ға көбейіп отыр. Жастардың баспана мәселесін шешу мақсатында биыл жалпы құны 300 млн. теңгені құрайтын бір жатақхананың құрылысы аяқталмақ.

Аудандық Мәдениет үйіне, амбулаторияларға жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Абаттандыру мақсатымен Аягөз қаласында балалар ойнайтын 16 алаң салынды. Жол жөндеуге миллиардтан астан қаржы бөлініп, соның нәтижесінде жағдайы нашар деген республикалық маңыздағы «Қарағанды-Аягөз-Боғас» тасжолын жөндеу шаралары ойдағыдай жүргізілді, – дейді Бақытжан Кәкенқажыұлы.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ