Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде

456
көрілім
Шартты фотосурет

Тәуелсіз мемлекеттің дамуымен бірге өндіріс саласы да қалыптасты. Осы ретте ұзақ жылдар бойы Жарма ауданының Әуезов кентінде «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» жұмыс істеп, өңірдің мақтанышына айналған.
Бірнеше жыл бұрын Бақыршық кен орнына жақындау мүмкін емес еді. Кен құрамы, оны өндіру мен өңдеудің күрделілігі жағынан бірегей кен орны жылдар бойы көптеген қазақстандық және шетелдік тау-кен компаниялары үшін айтарлықтай жаңалық саналды. Бакыршық кені арсенопирит пен көміртегі бойынша қос төзімділікке ие, яғни дәстүрлі әдістермен қайта өңдеу қажетті нәтиже бермейді, оның ішінде пайда жағынан да көрсеткіш төмен.
2014 жыл «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнын» дамытуда айтулы жыл болды, себебі кәсіпорын «Polymetal» компаниясының құрамына кірді. Сол жылы кен байыту фабрикасы жаңадан салынып, 2016 жылдың маусым айында жобалық көрсетілім үшін жұмысын бастады. Сөйтіп 25 Маусымда Қызылда алғашқы алтын концентрат алынды.
 Бүгінгі таңда кен орнында 1200-ден ден астам адам жұмыс істейді.  Олардың кәсібилігі, жоғары технологиялар мен әзірлемелер, оның ішінде жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздікті сақтау -  тау-кен өндіру кәсіпорнының алтын өндіру бойынша облыстағы жетекші мекемелердің бірі болып қалуға мүмкіндік береді.
Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны осы жылы бірден екі мерейтойлық санға жетті: концентраттағы 35 тонна Алтын және металдағы (карьердегі) 40 тонна Алтын өндірілген.